Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Кім шығыстан жеңімпаз қолбасшыны аттандырып, оны Өзіне қызмет етуге шақырды? Ол осы жеңімпаздың алдына халықтарды табыстап, солардың патшаларын да оған бағындырады, оның семсерімен халықтарды талқандап, садағымен қауыздай алысқа ұшырады. Енді Кир туралы алдын ала былай деймін: Ол — Маған қызмет ететін бағушы, Менің еркімді түгелдей орындаушы. Кир «Иерусалим қайта салынсын!» деген жарлық шығарып, ғибадатхананың да негізін қайтадан салғызатын болады. «Мен алдыңда жүріп отырып, жолыңдағы тау-төбедей кедергілерді тып-типыл етіп тегістеймін. Мықты қола қақпаларды быт-шыт қылып, темір ысырмаларын да сындырамын». Себебі Жаратқан Ие былай дейді: «Сендер ақшаға сатылмай-ақ құлдыққа түстіңдер. Енді құн төленбей-ақ босатыласыңдар!»
Выбор основного перевода