Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өзімді танып білетіндер арасынанМысыр мен Бабыл елдерін атаймын,Сондай-ақ філістір, Тир, Құш тұрғындарын:«Бұлар — Сионда туғандар» деп санаймын. Паң мысырлықты Сен талқандап қираттың,Жауларыңды күшті қолыңмен шашыраттың. Исраилдің Киелі Құдайы — Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады:— Теріс жолдарыңнан қайтып, тынышталыңдар, сонда құтқарыласыңдар. Уайымға салынбай Маған сенім артыңдар, Мен сендерді күшті қыламын. Алайда солай істегілерің келмеді. Біліп ал, сен сүйеніп келген Мысыр сынық қамыс іспетті. Егер адам сынық қамысқа сүйенсе, сол оның қолына кіріп, алақанын тесіп шықпай ма? Сол сияқты, Мысыр патшасы перғауын да өзіне сүйенгендердің бәріне осылай істейді. «Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: өздеріңді Менен кеңес сұрауға жіберіп отырған Яһуда патшасына былай деңдер: Перғауынның сендерге көмекке шыққан жасағы көп ұзамай өз елі Мысырға қайта оралады.
Выбор основного перевода