Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
жерге көз салып, тек қайғы-қасірет, қара түнек пен үрейлі қараңғылықты ғана көреді-ау! Олар әбден түңіліп, қара түнекке қуылады.Алайда қазір қысымшылық көріп жатқан жерде ұдайы қараңғы бола бермейді. Өздерінің жиып-теріп, сақтап қойған мол байлықтарын халық Теректер жылғасының ар жағына тасып әкетеді. Уа, бүкіл філістір елі, сені ұратын таяқ сынғанмен, шаттануыңа себеп жоқ. Бір жылан өлген кезде оның орнына улы сұр жылан келеді. Улы сұр жыланның жұмыртқасынан атылып, шағып алатын оқ жылан шығады. Бел тізе бүгіп, Небо да иіледі. Осы жалған тәңірлердің мүсіндері малдарға тиеліп, әкетіледі. Бұларды салтанатпен көтеріп жүретінсіңдер. Салмағы зілдей олар — шаршаған көліктерге ауыртпалық. Осылайша жалған тәңірлердің бәрі бірдей тізе бүгіп, құлайды. Олар ауыр мүсіндерін қорғай алмайды, қайта, өздері де тұтқынға түседі!
Выбор основного перевода