Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер солай істесеңдер, онда Ол елдеріңе күзгі де, көктемгі де жаңбырды мезгілінде жаудырып тұратын болады. Осылайша сендер астықты, жүзім шырынын және зәйтүн майын уақытында жинап, дайындап алатын боласыңдар. Сен жерді баптап суарып, құнартасың,Уа, Құдай, халықты нанға тойдыру үшінӨзендеріңді суға толтырасың,Жерді Өзің солай дайындайсың. Соқаның іздерін суға қандырасың,Топырақ кесектерін тегіс қыласың,Құйылған нөсермен оларды жұмсартасың,Өсіп шыққан өнімдерін жарылқайсың. Солай жылды игілікке бөлейсің,Қайда жүрсең де молшылық бересің, Иен даланың жайылымдары суланған,Қыраттар құлпырып қуаныш жамылған, Жайылым қора-қора малға толып,Алқаптар егінменен жайқалып,Бәрі қуана айқайлайды ән салып. сендер жарылқанасыңдар. Себебі барлық өзендер мен сай-салалардың бойына тұқым сеуіп, (мол өнім аласыңдар). Мүйізді ірі қараларың мен есектерің еркін жайылатын болады. Халқым үй салса, сонда өзі тұратын, жүзімдік отырғызса, соның жемісін өзі жейтін болады. Енді қайтып олардың үйлерін бөтен кісілер иемденіп тұрмайды, жүзімдіктерінің жемісін де жаулары жемейді. Халқым мықты ағаш сияқты ұзақ өмір сүретін болады. Менің таңдап алғандарым жұмыстарының өнімдерін ұзақ уақыт пайдаланып, бейнеттерінің зейнетін көреді. Халық шын жүректен өзара: «Құдай Иеміз бізге күзгі де, көктемгі де жаңбырларын мезгілінде жауғызады, жыл сайын белгілі мерзімде өнім сыйлайды, Оны терең қастерлейікші!» десіп келмейді.
Выбор основного перевода