Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол заматта жер дірілдеп сілкінді,Аспанның негізі шайқалып дірілдеді,Өйткені Құдай қаһарына мінген еді. Алдындағы нұрынан жай оты жалтылдады. Жақсыны жаман, жаманды жақсы дейтіндер, қараңғылықты жарық, жарықты қараңғылық деп атайтындар, әрі ащыны тәтті, тәттіні ащы деп санайтындар қасіретке қалады! Себебі Жаратқан Ие сендерге терең ұйқыға кетіретін рухты дарытты. Ол көздеріңді жапқан іспетті, сендердің пайғамбарларыңды шындықты көрмейтін етті, әрі бастарыңды бүркеген сияқты, оларға көрініс пен аян көрсетпей қойды. Жанымды алмақ болып маған: «Жаратқан Иенің атынан пайғамбарлық сөздеріңді жариялама, әйтпесе өлтіреміз!» — деп, көзімді құртқысы келіп жүрген Анатоттың адамдары туралы Жаратқан Ие мынаны айтады: Яһуда еліне Седекиях патшалық құрған сол төртінші жылының бесінші айында гибеондық Азур ұлы Хананиях Жаратқан Иенің киелі үйінде діни қызметкерлер мен жиналып тұрған бүкіл халықтың көзінше маған тіл қатып былай деді: — Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны айтады: Мен Бабыл патшасының мойынтұрығын сындырамын. Осыдан екі жыл өтпей-ақ Мен Бабыл патшасы Набуходоносордың Жаратқан Иенің киелі үйінен Бабылға алып кеткен бұйымдарының бәрін де осы жерге қайтарамын! Яһуда патшасы Жохақым ұлы Ехонияхты да, Яһудадан жер аударылған басқалардың бәрін де қайтып алып келемін! — деп уәде етеді Жаратқан Ие. — Себебі Мен Бабыл патшасының мойынтұрығын сындырамын! Жаратқан Иенің киелі үйінде жиналып тұрған діни қызметкерлер мен бүкіл халықтың көзінше Еремия пайғамбар Хананиях пайғамбарға былай деп жауап берді: — Аумин, Жаратқан Ие солай етсін! Ол Бабылдан Өзінің киелі үйінің бұйымдарын да, жер аударылған адамдарды да осында қайтарып, сенің «пайғамбарлық сөздеріңді» жүзеге асырсын! Ал енді өзіңнің және бүкіл мына халықтың алдында айтатын сөзімді тыңда! Ежелгі замандардан бері сен екеуімізден бұрын болған пайғамбарлар әрқашан көптеген елдер мен ұлы патшалықтарға төнетін соғыс, апат және оба індеті туралы алдын ала білдіріп келді. Бірақ «Амандық пен тыныштық болады!» деп алдын ала айтқан пайғамбарды шынымен Жаратқан Ие жіберген деп халық тек оның айтқан сөзі жүзеге асқаннан кейін ғана мойындайтын. Сонда Хананиях пайғамбар Еремия пайғамбардың мойнынан мойынтұрықты шешіп алып, сындырып тастады да, бүкіл халықтың алдында былай деді:— Жаратқан Ие мынаны айтады: Екі жыл өтпей-ақ Мен Бабыл патшасы Набуходоносордың халықтарға кигізген мойынтұрығын дәл осылайша сындырып алып тастаймын! — деді. Ал Еремия өз жөніне кетті. Алайда сендер Өзіме бағышталған назирлерге шарап ішкізіп күнә жасатып, пайғамбарларға: «Пайғамбарлық сөз айтпа!» деп тыйым салып жүрдіңдер.
Выбор основного перевода