Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
(Содан Мұса халыққа былай деді:)— Өз Құдайларың Жаратқан Ие сендерге бұйырғанды толығымен орындауға қырағы болып, одан оңға да, солға да бұрылмаңдар! Сонымен, мен бүгін сендерге тапсырған өсиеттердің ешқайсысынан да не оңға, не солға бұрылмаңдар, әрі жалған тәңірлердің жолына түсіп, оларға құлшылық етпеңдер! Бар жағдайда да мойында Тәңір Иеңді,Сонда Ол тура жолмен жетелер сені. Алға басып, оңға-солға бұрылма,Аяғыңды жамандықтан аулақ ұста. Халықтың теріс жолға адасып кеткендері енді шындықты түсінеді, әрі шағымданып күңкілдейтіндері тәлім-тәрбиені қабылдайды». Сол жерде даңғыл жол болып, ол «Қасиеттілік жолы» деп аталмақ. Бұл жолмен арам ниетті адамдар емес, тек Құдайдың халқы жүреді. Менмен ақымақтар оған еш түспейді. Оның бойында не арыстандар, не басқа да жыртқыш аңдар аңдып жүрмейтін болады. Өзге қауіптер де сонда болмайды. Тек жау қолынан азат етілгендер ғана сол жолмен жүрмек.
Выбор основного перевода