Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан Жақып үй ішіне және еріп жүрген адамдарының бәріне былай деп тапсырма берді: «Қолдарыңда бар бөтен тәңірлердің мүсіндерін лақтырып тастап, жуынып-тазарып, киімдеріңді ауыстырыңдар! Сонда Жақыптың қасындағы адамдары оған қолдарындағы мүсінделген бүкіл бөтен тәңірлерді және тұмар-сырғаларын табыстады. Ол соларды Сихем қаласының қасындағы бір емен ағашының түбіне көміп тастады. Егер әйелдің әдеттегідей айлық етеккірі келіп жүрген болса, оның таза емес деп саналатын уақыты жеті күнге созылады. Сол кезде онымен жанасқан әр адам кешке дейін таза емес болып саналады. Сол күн туғанда күнәкарлар табыну үшін өздері жасап алған алтын, күміс тәңір мүсіндерін лақтырып, көртышқандар мен жарқанаттарға қалдырып кетеді. Сол арқылы Жақыптың үрім-бұтағының күнәлары құны өтеліп кешіріледі. Ал олар өздерінің күнә жасауды доғарғандарын көрсетулері керек! Халық жалған тәңірлерге құрбандық ұсынылатын орындардың тастарын әктастай ұнтақтап жоймақ. Сонымен қатар не әйел тәңір Ашераға арналған ағаш бағаналары, не жалған тәңірлерге арналған түтету үстелдері қалмауға тиіс! Сол кезде әрқайсыларың күнәға батып өз қолдарыңмен алтын-күмістен жасап алған тәңір мүсіндеріңді лақтырып тастайтын боласыңдар. Адамдар таразыға күміс өлшеп, соған шебер зергерді жалдап алады. Қалталарынан мол алтын төгіп беріп, содан тәңір мүсінін жасатқызады. Осы «қуыршақ тәңірге» бас иіп, оның алдына етпетінен жығыла табынады! Халқым қайтып келіп, саямда тыныстап, дәнді дақылдай бітік өсіп, жүзім бұтасындай гүлдейді. Сонда атағы жайылып, Ливан шарабындай кең танымал болады. Сонда Иса оған былай деп жауап қайтарды:— Кет қасымнан, шайтан! «Құдай Иеңді терең қастерлеп, жалғыз Оған ғана қызмет ет!» деп (Тауратта) жазылған ғой!
Выбор основного перевода