Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мысырға ылдилап барып, көмек сұрағандар қасіретке қалады! Олар Мысырдың көптеген аттары мен соғыс күймелеріне әрі сондай мықты салт аттыларына сенім артады, ал Исраилдің Киелі Құдайы — Жаратқан Иеге бет бұрып сиынбайды. Мысырлықтар тәңір емес, жай пенделер ғана. Олардың астындағы аттары да рух емес, жай ет пен сүйектен тұратын тән. Жаратқан Ие Өзінің құдіретті қолын алға созғанда, Яһудаға қол ұшын беретін Мысыр елі сүрінеді. Мысырдың қолдауын қабылдаған Яһуда халқы да құлап түседі. Осылай олардың екеуі де құриды. Ассур бізді құтқара алмайды, біз атқа мініп, өз күшімізге де сенім артпаймыз. Бұдан былай өз қолымызбен жасаған бұйымға: «Біздің тәңіріміз!» деп табынбаймыз. Сенен ғана, уа, Жаратқан Ие, жетімдер рақым табады.
Выбор основного перевода