Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Молох атты жалған тәңірге бұдан былай ешкімнің өз ұлын не қызын отқа өртеп құрбандыққа ұсына алмауы үшін Жосия патша Бен-Хенном аңғарындағы Топет атты табыну орнын да арамдады. Біліп қойыңдар, атағы жайылған Жаратқан Ие алыстан лаулаған қаһарымен, көтеріліп жатқан қалың түтінмен келіп жетеді. Оның аузынан шыққан сөздері қаһарлы. Оның тілінен бәрін жалмайтын от лаулап шығады. Оның лебі жауларының мойындарына жететін қатты ағысты тасқындай шығады. Жаратқан Ие ұлттарды електен өткізіп, айырады. (Өзіне бағынудан бас тартатын) халықтарды ауыздық пен жүген салғандай жолдан адасып, жойылуға жетелейді. Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны айтады: Теріс жолдарыңнан қайтып, іс-әрекеттеріңді түзетіңдер! Сонда Мен сендерге осы елде әрі қарай тұра берулеріңе жағдай жасаймын. Сондықтан сақ болыңдар! Осы жер енді қайтып Топет немесе Бен-Хенном аңғары деп емес, Қырғын аңғары деп аталатын уақыт келеді. — Жаратқан Ие осыны нық айтады. Барша жұрт осы отты тұтатқанның Мен, Жаратқан Ие, екенімді білетін болады. Ол еш өшпейтін болады. Бұдан кейін Патша Өзінің сол жағындағыларға да былай деп үкім шығарады:— Менен аулақ кетіңдер, қарғыс атқандар! Шайтанға және оның хабаршыларына дайындалған мәңгілік тозақ отына түсіңдер! Алайда айуан және оған қызмет етіп кереметтер көрсеткен жалған пайғамбар екеуі де кенеттен тұтқынға алынды. Сол бір таңғажайып кереметтер арқылы жалған пайғамбар айуанның таңбасын қабылдап, оның мүсініне құлшылық еткендерді еліктіріп, алдап жүрген болатын. Айуан мен жалған пайғамбар екеуі де күкірт жанып жатқан, мәңгі сөнбейтін отты көлге (яғни тозақ отына) тірідей лақтырылды.
Выбор основного перевода