Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Зорлықпен алып қоюға үміт артпа,Дүние-мүлік ұрлаймын деп те мақтанба,Дәулетің молайса, соған сенім артпа! Сондықтан от тілінің сабанды жалмап, жалынның пішенді өртеп жіберетіні сияқты, олар да әп-сәтте ғайып болады. Шөптің тамырлары шіріп, гүлдері қурап, желмен ұшып кететініндей, бірден жойылады. Өйткені олар Исраилдің Киелі Құдайы — Әлемнің Иесінің тәлімін мойындамай, Оның сөздерінен бас тартты. Жауыздығыңа кәміл сеніп: «Қылықтарымды ешкім көрмейді», дейсің. Сені (жалған) даналығың мен білімің еліктіріп тура жолдан адастырды.«Әлемде тек мен ғана маңыздымын, мендей ешкім жоқ!» деп паңданасың. біз бас көтеріп, Саған, Жаратқан Иеге, опасыздық жасадық, өз Құдайымыздан безіп кеттік. Зорлық-зомбылық пен бүлінушілікті жақтап келеміз. Іштей өтіріктер ойлап тауып, оларды сыртқа шығарамыз.
Выбор основного перевода