Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаңағы төрт жасөспірімге Құдай білім және әдебиет пен даналықтың барлық жағын да үйренуге зеректік сыйлады. Ал Даниял оның үстіне әр түрлі аяндар мен түстердің мағынасын түсінетін ерекше дарынға да ие болды. Патшалығыңызда киелі тәңірлердің рухы қонған бір адам бар. Атаңыздың көзі тірісінде сол кісінің тәңірлердікі сияқты ақыл-парасаты мен көрегендігінің бар екендігі анықталған болатын. Сол адамды атаңыз Набуходоносор патша сәуегейлер, балгерлер, жұлдызшылар және сиқыршылардың үстінен қарайтын басшы етіп тағайындаған еді. Дамаскімен шекаралас Хамат та, Тир мен Сидон да қанша дана болғандарымен Жаратқан Иенің ауыр айыптау сөзі соларға да қарсы айтылды. Тир өзіне қорған салып, күмісті шаң-тозаңдай, алтынды даладағы саз балшықтай үйіп жинап алды. Патша олардан қандай мәселе туралы ақыл-кеңес сұрамасын, өзінің бүкіл патшалығындағы абыздары мен балгерлерінен гөрі олардың он есе білімдірек екенін анықтады. Ең соңында Даниял алдыма келді. Оның өзім сиынатын тәңірімнің атынан туындалған Балташазар деген есімі де бар, әрі оған киелі тәңірлердің рухы қонған. Оған былай деп түсімді айтып бердім:
Выбор основного перевода