Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өйткені Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін. Мен киелімін, сондықтан сендер де Өзіме бағышталып, киелі болыңдар! Жер бетінде жорғалап жүретін ешбір мақұлықпен өздеріңді арамдаушы болмаңдар! Басқа халықтарға арнап туын көтергендей белгі беріп, Солтүстік Исраил мен Яһуда патшалықтарының жер аударылып, шашыраған халқын дүниенің төрт бұрышынан жинап, қайтарып әкелмек. «Исраилдің үрім-бұтағын солтүстіктегі елден және Өзі аластатып жіберген басқа да барлық елдерден жинап алып келген мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында шын айтамын» дейтін уақыт тумақ! Сонда исраилдіктер өздерінің елін мекендейтін болады». Ал Бабыл патшасына бағынып, оның мойынтұрығын киген халықты Мен өз елінде қалдырамын. Олар сонда тұрып, жерін өңдеп өз күндерін көретін болады, — деп уәде етеді Жаратқан Ие. — Мен халқымды ашу-ыза мен зор қаһарға кенелген кезімде шашыратып жіберген барлық елдерден қайтадан жинап аламын! Оларды тағы да осы жерге әкеліп, қауіп-қатерсіз қоныстандырамын. Сонымен (шашырап кеткен халқыма) былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Мен сендерді Өзім араларына шашыратып жіберген елдер мен халықтардың арасынан қайта жинап аламын. Сендерге Исраил елін қайтадан табыстаймын. Мен сендерді шашырап кеткен халықтар мен елдерден алып шығып, жинаған сол кезде өздеріңді жұпар иіс сияқты қабылдаймын. Осылайша сендер арқылы Өзімнің киелілігімді бүкіл халықтардың көзінше жария етемін. Олар Мен ежелде қызметшім Жақыпқа уәде еткен, сосын ата-бабаларың тұрған елде қоныс тебетін болады. Бұдан былай олардың өздері де, балалары мен немерелері де сол елде ұдайы тұрып, Менің қызметшім Дәуіт оларға әрдайым әмірші болады.
Выбор основного перевода