Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Адамды қуып шыққаннан кейін, мәңгілік өмірді сыйлайтын ағашқа апаратын жолды күзету үшін пейіш бағының шығыс жағына керуб деген періштелерді және жүзінен от шашып, әрі-бері қозғалып жарқылдап тұрған бір семсерді қойды. Жаратқан Ие маған: «Ей, пендем, сен мұны көріп тұрсың ба? Олардың істеп жүрген жексұрын істері Яһуда халқына жай әншейін іс болып кеткендей ме? Соған қоса олар бүкіл елді зорлық-зомбылыққа толтырып, Менің қаһарымды бұрынғыдан бетер өршітіп келеді! Қарашы, олар Маған тіпті мұрындарын шүйіреді! Сен әр түрлі тауарларға бай болғандықтан Тарсис та сенімен сауда-саттық жасады. Олар тауарларыңды күміс, темір, қалайы және қорғасынға айырбастап сатып алатын. Грекиялық, тұбалдық және мешехтік саудагерлер де өзіңмен саудаласып, тауарларыңа адам басымен және қола бұйымдармен төлейтін. Бет-Тоғарма алып келген жұмыс жылқыларын, шайқаста мінетін аттарын және қашырларын сенің тауарларыңмен алмастыратын. Өзіңмен дедандықтар да сауда-саттық жасайтын, көптеген басқа аралдар мен жағалау елдері де сенімен тауарларын айырбастайтын. Олар саған төлем ретінде пілдің азу сүйегі мен қара ағаш әкелетін. Бұйымдарың ағыл-тегіл мол болғандықтан, Арама елі де сенімен алыс-беріс жасайтын. Олар тауарларыңды зүбәржат, інжу-маржан, лағыл іспетті асыл тастар және күрең қызыл, кестелі не ақ бәтес маталар беріп, сатып алатын. Яһуда мен Исраил елдері де өзіңмен саудаласатын. Тауарларыңа олардың беретіні — (Аммон елінен әкелінген) миниттік бидай, тәтті тағамдар, бал, зәйтүн майы және май дәрі болатын. Бұйымдарың ағыл-тегіл мол әрі байлығың зор болғандықтан Дамаск қаласы саған хелбондық шарап және ақшыл жүн әкеліп, сауда-саттық жасайтын. Узалдан дандықтар мен гректер де келіп, сенің тауарларыңның орнына қақталған темір, дәмқабық ағашының кептірілген гүлдерін және хош иісті құрақ беретін. Дедан шұратының саудагерлері мініс малына арналған ер-тоқымдық матамен сауда жасайтын. Сен Арабиямен және Қидардың барлық әміршілерімен де саудаласып, олардан тоқты, қошқар, ешкі сатып алатынсың. Сәба мен Рахаманың саудагерлері де сенімен сауда-саттық жасасты. Олар тауарларыңа ең сапалы дәмдеуіштерін, асыл тастары мен алтынын алып келетін. (Арамадағы) Харан, Хане, Еден қалалары және Сәбаның, Ассур мен Хилмадтың саудагерлері де өзіңмен алыс-беріс жасайтын. Сенің базарыңда олар қымбат, сәнді шапандар, көк, қою күлгін және кестелі маталармен, әрі баулары берік иіріліп, тығыз байланған түрлі түсті кілемдермен сауда-саттық жасайтын. Алып сауда кемелері тауарларыңды басқа жақтарға жеткізетін. Осылайша теңіздегі аралда орналасқан сен байлыққа кенелдің де, даңқың кеңінен жайылды. Ескекшілерің сені ашық теңізге алып шығатын. Ал енді шығыстан соққан «дауылды жел» теңіздегі сені қиратпақ. Бар байлығың, тауарларың мен бұйымдарың, теңізшілерің мен кеме бастықтарың, тесік-саңылауларды бітеп жөндеуші шеберлерің, саудагерлерің және барлық жасақшыларың өзіңде болғандардың бәрімен бірге талқаның шыққан күні теңіз түбіне кетіп құриды. Мен сені қанаттарын жайған (керуб атты) күзетші періштемен бірге орналастырдым. Құдайдың қасиетті тауында оттай жарқылдаған асыл тастардың арасында жүретін едің.
Выбор основного перевода