Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Алайда патша күшейіп алғаннан кейін кеудесін көтеріп, менменсінуді шығарды. Ол Жаратқан Иенің киелі үйіне өз бетімен кіріп, жалғыз Оған ғана бағышталған хош иісті заттарды түтетіп, Құдай Иесіне қарсы күнә жасады. Мысырлықтар тәңір емес, жай пенделер ғана. Олардың астындағы аттары да рух емес, жай ет пен сүйектен тұратын тән. Жаратқан Ие Өзінің құдіретті қолын алға созғанда, Яһудаға қол ұшын беретін Мысыр елі сүрінеді. Мысырдың қолдауын қабылдаған Яһуда халқы да құлап түседі. Осылай олардың екеуі де құриды. Алып сауда кемелері тауарларыңды басқа жақтарға жеткізетін. Осылайша теңіздегі аралда орналасқан сен байлыққа кенелдің де, даңқың кеңінен жайылды. Ескекшілерің сені ашық теңізге алып шығатын. Ал енді шығыстан соққан «дауылды жел» теңіздегі сені қиратпақ. Бар байлығың, тауарларың мен бұйымдарың, теңізшілерің мен кеме бастықтарың, тесік-саңылауларды бітеп жөндеуші шеберлерің, саудагерлерің және барлық жасақшыларың өзіңде болғандардың бәрімен бірге талқаның шыққан күні теңіз түбіне кетіп құриды. Сондықтан Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Өзіңді тәңір іспетті данамын деп санайтындығыңнан, Жиналған халық оған: «Адам емес, құдай сөйлеп тұр!» — деп айқайлай берді. Ол қаншама сән-салтанат пен молшылыққа кенелген болса, оған соншама көп азап пен қайғы-қасірет тартқызыңдар! «Мен тақта отырған ханыммын; жесір емеспін, қайғы-қасірет те шекпеймін!» дейді ол.
Выбор основного перевода