Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Дұшпандарымыз шынымен қырылды, арттарынан қалғанды от жалмады!» деп арсыздарды келемеждейді. Сол жабайы аймаққа былай де: Жаратқан Иенің сөзін тыңда! Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Мен саған от тұтатпақпын! От өзіңдегі барлық ағашты: жасылын да, қурағанын да жалмап қояды. Лаулаған жалыны өшпейді. Оның қызуынан оңтүстік пен солтүстіктің аралығындағының бәрінің бет-жүздері күйіп қалады. Саудаңның молдығынан зорлық жасауға әбден салынып, күнәға баттың. Сондықтан Мен сені арамданған деп санап, Құдайдың тауынан лақтырып тастадым. Күзетші періште (керуб) сені оттай жарқылдаған асыл тастардың арасынан аластатып қуды. Жаратқан Ие мынаны да айтады: «Тир қаласының халқы көптеген зұлым істер істеп келеді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Тирліктер (Исраилдегі) елді мекендердің бүкіл халқын тұтқындап, Едом еліне сатып жіберді. Сонда олар Исраилмен жасаған өзара бауырластық келісімдерін тіпті естеріне де алмады. Сол үшін Мен Тирдің қамал қабырғаларына от жіберемін. Сол от оның бекіністі сарайларын жалмап қояды». Сол кезде зұлымдарды таптап тастайсыңдар. Мен осының бәрін іске асырған күні олар табандарыңның астындағы күл сияқты болады, — дейді Әлемнің Иесі. Сол себепті бір-ақ күннің ішінде мына пәлелерге: індет, қайғы-қасірет және аштыққа ұшырап, отқа өртенбек. Себебі оны соттаушы Құдай — Жаратқан Ие құдіретті».
Выбор основного перевода