Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал Мен арттарыңнан қуып шықсын деп перғауынның жүрегін қасарыстырып қоямын. Осылай перғауынға және оның бүкіл әскеріне Өзімнің ұлылығымды көрсетемін. Соған қарап мысырлықтар Менің Жаратқан Ие екенімді біліп мойындайтын болады».Исраилдіктер осылай істеп, сол жерде аялдады. Соған қарап мысырлықтар Менің Жаратқан Ие екенімді біліп мойындайтын болады. Басқа ұлттар қазған өз орларына құлады,Құрған қақпандарына өздері ұсталды. «Тынышталыңдар барлығың енді,Біліңдер Менің Құдай екенімді!Басқа халықтар Мені құрметтейді,Дүние жүзінде Мені қастерлейді». Мен сендерді шашырап кеткен халықтар мен елдерден алып шығып, жинаған сол кезде өздеріңді жұпар иіс сияқты қабылдаймын. Осылайша сендер арқылы Өзімнің киелілігімді бүкіл халықтардың көзінше жария етемін. Сондықтан Мен, Жаратушы Тәңір Ие, мынаны айтамын: Біліп ал, уа, Тир қаласы, Мен саған қарсы шығамын! Теңіздің жағалауға қарай толқындарын жөңкіте айдағанындай, Мен де саған қарсы көптеген халықтарды жөңкіте айдаймын. Құрлықтағы қалашықтарының тұрғындары да семсердің жүзінен қырылып құриды. Сонда адамдар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады». Олар сол елде еш қауіпсіз тұрып, үйлерін салып, жүзімдіктерін отырғызбақ. Мен оларды жәбірлеген көрші халықтарға шығарған үкімімді жүзеге асырған кезде исраилдіктер аман-есен тұратын болады. Сонда олар өздерінің Құдайы Жаратқан Иенің Мен екенімді түсінеді. Сонда сен халқым Исраилге қарсы жер бетін жабатын бұлт сияқты болып келесің. Кейінгі күндері Мен сені, ей, Гог, таңдаулы еліме қарсы аттандырып, Өзімнің киелі де қастерлі екенімді халықтардың көзінше дәлелдеймін. Содан халықтар Менің кім екенімді біліп, мойындайтын болады». Елдің барлық адамдары оларды көмуге қатысып, Мен Өзімнің ұлылығымды танытатын күні марапатталады. — Жаратушы Тәңір Ие осыны нық айтады. —
Выбор основного перевода