Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал егер елдің тұрғындарын қуып жібермесеңдер, онда елде қалып қойғандары көздеріңе тікендей кіріп, денелеріңе жаңқадай қадалып, қоныстанған сол елдеріңде сендерге жәбір көрсететін болады. онда мынаны біліп қойыңдар: Құдай Иелерің осы халықтарды бұдан былай алдарыңнан қуып шығармайтын болады. Керісінше, сол халықтар өздеріңе тұзақ пен тор, еттеріңе тиген қамшы, көздеріңе кірген тікен іспетті болып, ақыр соңында сендер Құдай Иелерің өздеріңе табыстаған осы шұрайлы елден құрып кетесіңдер. Тікенді бұта орнына қарағайлар өсіп, қалақай орнын жұпар иісті жасыл бұталар басады. Бұл керемет іс Жаратқан Иенің даңқын асыратын, мәңгі өшпейтін белгі болады». Бірақ бір күні сенің асқан зұлымдығың жария болды. Енді арамалықтар мен олардың көршілері және філістірлер әрі өз айналаңдағылардың бәрі де сені келекелеп мазақтайды. Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Ей, Аммон халқы, сен Исраил елін жек көргеннен қолдарыңды шапалақтап, аяқтарыңмен жер тепкілеп, оны табалап күлдің. Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Бүкіл Едом халқы мен қалған басқа ұлттар Менің меншікті жерімді қатты қуанып, қорлап тартып алып, талан-таражға салды. Сондықтан Мен лаулаған ашуыммен оларға қарсы сөйледім.
Выбор основного перевода