Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Уа, Мысыр, Едемнің ағаштарының қайсысының ұлылығы мен салтанаты сенікіне тең келе алады? Алайда сен де Едемнің ағаштарымен бірге о дүниеге түсірілесің! Сен сүндеттелмегендердің әрі семсерден қаза тапқандардың арасында жататын боласың. Перғауын мен оның шулы әскерінің тағдыры осы болмақ!» — деп нық айтады Жаратушы Тәңір Ие. Оларға былай де:«Ей, Мысыр, сенің көркің басқалардікінен асқан ба? Жоқ, төмен түс те, әділетсіздермен бірге жатып тыныштал!» О дүниенің ортасынан ең мықты батырлар Мысырға және оны қолдаған одақтастарына таңырқап былай демек: «Пай-пай, олар төмен түсіп, әділетсіздермен әрі семсерден қаза тапқандармен бірге тыныш жатыр екен!» Еламға өзінің қалың қолымен бірге қырылғандардың арасынан төсек дайындалды. Солардың көрлері оның айналасында. Бұлардың бәрі де сүндеттелмегендер, семсерден қырылғандар. Олар тірі кездерінде өзгелерге қорқыныш туғызатын еді. Ал енді көрге түскендермен бірге өз істерінің ұяттарын арқалап, мерт болғандардың ортасына қойылды. Олар ежелде қаза тапқан батырлармен бірге жатпайды. Сол батырлар өздерінің қару-жарағымен бірге, семсерлері бастарының астында, қалқандары сүйектерінің үстінде қабірге қойылған. Бірақ едомдықтардың әділетсіздігі олардың мойындарында, өйткені олар мықты жасақшылар болып тірі кездерінде басқаларға қоқан-лоқы жасайтын.
Выбор основного перевода