Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал Жаратқан Ие мынаны айтады:— Біліп алыңдар, Мен Бабылдың жалған тәңірлерінің мүсіндерін жоятын күндер туады. Сонда оның бүкіл елінде жараланған адамдардың ыңырсуы естілетін болады. «Бұдан былай айналасындағы көршілері Исраил халқына менсінбей қарамайды, әрі жаңқадай қадалып, өткір тікендей ауыртпайды. Өйткені олар Менің Жаратушы Тәңір Ие екенімді түсінетін болады». Олар сол елде еш қауіпсіз тұрып, үйлерін салып, жүзімдіктерін отырғызбақ. Мен оларды жәбірлеген көрші халықтарға шығарған үкімімді жүзеге асырған кезде исраилдіктер аман-есен тұратын болады. Сонда олар өздерінің Құдайы Жаратқан Иенің Мен екенімді түсінеді. Мен Гогты індетпен және қантөгіспен жазалаймын. Оның өзі мен қалың әскерінің, әрі оған еріп келген көптеген халықтың бастарына нөсерлі құйындар мен бұршақты, жанған от пен қайнаған күкіртті төгемін.
Выбор основного перевода