Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Керуб мүсіндері қанаттарын жоғары жайып, қақпақты көлегейлеп, беттері бір-біріне қарама-қарсы, қақпаққа қарап тұрулары керек. Тіпті Нұх, Даниял, Әйүп үшеуі осы елде тұрып жатса да, әділ болғандарының арқасында олардың тек өз бастары ғана аман қалар еді. Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын. Өйткені бір күні бүкіл Исраил халқы Маған елдің ішіндегі қасиетті тауым — Исраилдің ұлы тауында ғибадат ететін болады. Мен оларды сонда ризашылықпен қабыл аламын, — деп уәде етеді Жаратушы Тәңір Ие. — Сол жерде Мен сендерден Өзіме бағыштаған қасиетті сый-тартуларыңды және таңдаулы құрбандықтарыңды түгелдей ұсынуларыңды талап етпекпін. Саудаңның молдығынан зорлық жасауға әбден салынып, күнәға баттың. Сондықтан Мен сені арамданған деп санап, Құдайдың тауынан лақтырып тастадым. Күзетші періште (керуб) сені оттай жарқылдаған асыл тастардың арасынан аластатып қуды. «Қайран қала, басыңа қаралы күн туды! Ұлы қала! Қымбат ақ бәтес, қою күлгін, ал қызыл киімдер киетінсің; алтын әшекейлер, асыл тастар, інжу-маржандарын тағынып, безеніп, жалт-жұлт ететінсің!
Выбор основного перевода