Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Солтүстік Исраилдің патшасы Пақахтың заманында Ассур патшасы Тығылат-Пеләсер қайтадан аттанып келіп, Ион, Әбел-Бет-Маха, Янох, Қадеш, Хасор қалаларын жаулап алды. Жау сондай-ақ Ғилақад пен Ғалилея аймақтарын және Нафталим руының бүкіл жерін басып алып, тұрғындарын Ассурға жер аударып алып кетті. Ал сол кезде Ошия Ассур патшасына әр жылға төленетін алым-салығын жібермей, оған қарсы одақтаспақ болып Мысыр патшасы Со перғауынға елшілерін жолдады. Мұнысын Ассурдың патшасы біліп қойып, Ошияны ұстап алып, зынданға жауып тастады. Ассурдың патшасы бүкіл елді жаулап алып, Самария қаласына барып, оны үш жыл бойы қоршауға алды. Ошия патшалық құрған тоғызыншы жылы Ассур патшасы Самарияны қолына түсіріп, оның халқын Ассур еліне жер аударып әкетті. Оларды Халахқа, Хабор өзенінің бойындағы Ғозанға және Мидияның қалаларына қоныстандырды. Ақыры, Өзіне қызмет еткен бүкіл пайғамбарлары арқылы алдын ала ескерткендей, Жаратқан Ие оларды өз қасынан аластатты. Сонда Солтүстік Исраилдің халқы Ассур еліне жер аударылды. Олар күні бүгінге дейін сол жерде тұрып жатыр. Езекияның патшалық құрған төртінші жылы, яғни Ила ұлы Ошияның Солтүстік Исраилге патшалық құрған жетінші жылы, Ассур патшасы Салманасар (Солтүстік Исраилдің астанасы) Самарияға қарсы аттанып, оны қоршап алды. Үш жылғы қоршаудан кейін жау Самарияға басып кірді. Бұл Езекияның патшалық құрған алтыншы, Ошияның тоғызыншы жылы болды. Ассур патшасы Солтүстік Исраилдің халқын Ассурға жер аударып әкетіп, оларды Халахқа, Хабор өзенінің бойындағы Ғозанға және Мидияның қалаларына қоныстандырды. біліп қой: Мен өзіңмен бірге рақаттанған ашыналарыңның барлығын, өзіңе сүйкімдісін де, жек көрініштісін де жинап аламын. Оларды жан-жақтан саған қарсы жинап әкеліп, олардың көзінше сенің киімдеріңді сыпырып шешіп тастаймын. Сонда олар жалаңаш тәніңді түгелдей көретін болады. Сондықтан, ей, Охолиба, Жаратушы Тәңір Ие саған мынаны айтады: «Біліп қой, Мен өзің жиреніп, алшақтаған ашыналарыңды өзіңе қарсы арандатып, оларды жан-жақтан саған қарсы алып келемін: Маған қайта оралудан бас тартқан соң, халық енді Мысыр еліне қайта оралмай ма? Ассур оларға патшалық құрмай ма?
Выбор основного перевода