Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Оян, орныңнан тұр, Иерусалим! Сен Жаратқан Иенің қаһарына әбден ұшырадың. Сол қаһары шарапқа толы тостағанға ұқсады. Оны түбіне дейін тауысып ішіп, мас болғандай теңселіп жүрдің. Өйткені Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие маған былай деп бұйырды:— Ернеуіне дейін «қаһарымның шарабына» толған мына «тостағанды» ал да, Өзім сені жіберетін халықтардың бәріне содан «ішкіз!» Кісі өлтіріп қан төккенің арқылы кінәлі болып, өзің жасап алған жалған тәңірлердің мүсіндері арқылы да арамдалдың. Осылайша басыңа пәле түсетін күніңді өзің жақындаттың! Ғұмыр кешетін жылдарыңның тағайындалған ақыры таяп келді! Сондықтан Мен сені барлық халықтар масқаралайтын, барлық елдер табалайтын қыламын. Уа, масқараланған, іші бүлікке толы қала, жақындағылар да, алыстағылар да сені келекелейтін болады!
Выбор основного перевода