Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол себепті патша кеңесіп алып, алтыннан екі жас бұқа мүсінін жасатып, халыққа: «Иерусалимге бару сендерге тым қиын ғой. Әй, Исраил, сені Мысыр елінен бастап алып шыққан тәңірлерің осылар!» — деп жариялатты. Екі мүсіннің біреуін Бетел, екіншісін Дан қалаларында орнатқызды. Бұл ауыр күнәға түрткі болды. Себебі халық оларға сонау Данға дейін барып табына бастады. Менахимнің заманында Ассур патшасы Тығылат-Пеләсер Солтүстік Исраилге қарсы аттанды. Менахим оның қолдауына ие болып, өзінің елдегі билігін күшейту үшін Ассур патшасына мың ат басындай күміс төледі. Бірде Ассурдың патшасы Салманасар Ошияға қарсы аттанды. Себебі бұрынырақ Ошия оған бағынышты болып, алым-салық төлейтін еді. «Шешелеріңнің кінәсін әшкерелеп, оған ескертіңдер! Себебі ол енді Менің әйелім емес, Мен де оның күйеуі емеспін. Ол жеңіл жүрістінің бояуын бетінен сүртіп тастап, кеуделерін ашық көрсететін киімдерін шешіп, әдепті киінсін. Ефрем руын білемін, бүкіл Исраил халқы да Менен жасырын емес. Себебі сен, Ефрем, азғындыққа салынып кеттің, содан Исраилдің бәрі арамданды. Себебі олар жалғыз дара қаңғырып жүретін жабайы есек сияқты Ассурға барды. Ефрем елі өзіне «ашыналарды» (яғни арқа сүйейтін одақтастарды) жалдады. Олар алым-салықтарымен жат халықтарды жалдап алған болса да, Мен Ефремнің халқын бәрібір бір жерге жинап, соттаймын. Олар қуатты патшаның езгісіне түсіп, азап шеге бастайды.
Выбор основного перевода