Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан Құдай Өзінің таңдаған халқына қарсы Бабылдың халдей патшасын аттандырды. Сол патша семсерінің жүзімен елдің таңдаулыларын киелі үйдің өзінде өлтіріп, жас-кәрі демей, еркек болсын, әйел болсын, ешкімді аямай, халықтың көбін қырып тастады. Құдай олардың барлығын Бабыл патшасының қолына бере салған еді. Жауынгерлер Құдайдың киелі үйіне от қойып өртеп, Иерусалим қамалының қабырғаларын қиратып тастады. Олар қаладағы күллі сарайларды да өртеп, ондағы құнды нәрселердің барлығын құртты. Халдейлер патша сарайына да, халықтың үйлеріне де от қойып өртеп, Иерусалим қамалының қабырғаларын қиратып тастады. Олар саған қарсы бір тобырды жинап алып, сені таспен атқылап өлтіріп, денеңді семсерлерімен турап тастайды. Содан олар үйлеріңді өртеп, саған көптеген әйелдердің көзінше жазаңды тартқызады. Осылайша Мен сенің азғындығыңды тыйып, сен енді қайтып ашыналарыңа ақы төлемейтін боласың. Исраил халқына хабарымды жеткіз: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Өздерің сондай мақтан тұтып, сүйенетін Менің киелі орным — сендердің көздеріңнің қуанышы, жүректеріңнің аңсары. Алайда Мен сол киелі орнымның арамдануына жол бермекпін. Яһуда елінде қалдырған ұл-қыздарың семсерден қаза табатын болады.
Выбор основного перевода