Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Бірақ сен сол көркіңе сеніп, даңқыңды азғындыққа пайдаландың. Көрінгенмен ашына болып, көркің соның меншігіне айналды. Және Мен оларға былай дегенмін: «Әрқайсыларың көз қарашығындай сүйіп табынып келген жеркенішті мүсіндерді лақтырып тастаңдар! Бұдан былай өздеріңді Мысырдың жалған тәңірлерімен арамдамаңдар! Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін». Себебі сен басқа ұлттармен бірге азғындық жасап, өзіңді солардың жалған тәңірлерімен арамдадың. Ефрем руын білемін, бүкіл Исраил халқы да Менен жасырын емес. Себебі сен, Ефрем, азғындыққа салынып кеттің, содан Исраилдің бәрі арамданды. Исраил елінде жан түршіктіретін сұмдықты көрдім: Ефремнің халқы азғындыққа салынып, Исраил елі арамданып кеткен екен!
Выбор основного перевода