Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол орын ақ және көк түсті бәтестен тігілген перделермен безендірілген болатын. Олар мәрмәр бағаналарға тағылған күміс шығыршықтарға ақ бәтес және қырмызы түсті жіптермен байланған еді. Хош иісті мүр, алоэ, дәмқабық шаштым. Кестелі киімдеріңді үстеріне жауып, Мен саған берген зәйтүн майым мен хош иісті заттарымды оларға тарту еттің. Ал оған бидай, жүзім шырыны мен зәйтүн майын беріп, мол саф алтын мен күмісті жаудырған Мен екенімді мойындамады. Қайта, өзі соларды жалған тәңір Бағалға сый-тарту етті. Сендер піл сүйегімен әшекейленген төсек-орындарыңда жатасыңдар, төсектеріңде жатып шіренесіңдер. Жейтіндерің — отардың тоқтылары мен бордақы таналардың семіз еті.
Выбор основного перевода