Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен кейінірек қасыңнан өтіп бара жатқанымда, сені байқап, махаббатқа дайын екеніңді көрдім. Жамылғымның шетін үстіңе жауып, жалаңаш денеңді қымтап, мұныммен өзіңе үйленуге уәде бердім. Яғни саған ант беріп сенімен Келісім жасадым. Осылай сен Мендік болдың, — дейді Жаратушы Тәңір Ие. «Осы азғындығың аз болғандай, Маған туып берген ұл-қыздарыңды жалған тәңірлерге «тамақ» болсын деп құрбан етіп отқа өртеп жібердің. Сенің әпкең — солтүстік жағыңда қыздарымен бірге тұрған Самария қаласы, сіңлің — ежелде оңтүстік жағыңда қыздарымен бірге тұрған Содом қаласы болатын. Екеуі неке адалдығын бұзды, кісі өлтіріп қолдары да қан. Олар өз жалған тәңірлерімен опасыздық жасап, тіпті өздерінің Маған туып берген ұлдарын соларға «тамақ» болсын деп отқа өртеп құрбан етті!
Выбор основного перевода