Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Седекиях бабылдықтардың қолына түсіп, Хамат еліндегі Рибла қаласына Бабыл патшасының алдына апарылды. Сол жерде бабылдықтар Седекияхты соттап, үкімін шығарды. Алайда халдейлердің әскері олардың соңынан аттанып, Седекияхты Иерихонның маңындағы елсіз далада қуып жетті. Олар оны қолға түсіріп, Хамат еліндегі Рибла қаласына Бабыл патшасы Набуходоносордың алдына апарды. Ол Седекияхқа үкім шығарды. Бабыл патшасы сол Риблада Седекияхтың ұлдарын оның көз алдында шауып өлтірді. Ол, сондай-ақ, Яһуданың барлық лауазымды адамдарын да шауып өлтіртті. Себебі жаудың атты әскері мен соғыс күймелерінің қатты дүрсілі естілмек. Әкелер әбден үрейленіп, қолдары сал болып, тіпті балаларын құтқару үшін бұрылып та қарамайды. Олар саған қарсы бір тобырды жинап алып, сені таспен атқылап өлтіріп, денеңді семсерлерімен турап тастайды. Бұдан жүректері әлсіреп, олардың көбі жан тапсырмақ. Мен жүзі жалтыраған семсерді барлық қала қақпаларына қойдым. Иә, ол найзағайға ұқсатылып арнайы жалтыратылып, қыруға дайындалған. «Ал сен, пендем, Бабыл патшасының семсері таяп келетін екі жолды белгілеп қой. Олардың екеуі де бір елден бастап шықсын. Жолдың Бабыл қаласынан шығып, екіге айырылатын жеріне бір жол белгісін қой! Сол кезде патшаның оң қолына «Иерусалимге бар» деген жеребе түседі. Ол соған аттанып келіп, қамал бұзатын құралдарын қалаға қарама-қарсы орналастырады. Сосын шабуылдап, қырып-жоюға бұйрық беріп, ұрандайды. Сондай-ақ, қала қақпаларын бұзатын құралдарын орнатып, тас-топырақтан үймектер жасап, мұнаралар тұрғызады. Қамшының сартылы, дөңгелектің тарсылы, жылқының дүбірі, соғыс күймелерінің дүрсілі естіліп тұрады.
Выбор основного перевода