Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Яһуда халқы Маған жек көрінішті іс-әрекеттер істеп келеді, — дейді Жаратқан Ие. — Олар Менің есіміммен аталған киелі үйде өздерінің жалған тәңірлерінің мүсіндерін орнатып алып, оны арамдады, Сондықтан Мен, мәңгі тірі Жаратқан Ие, өз атыммен ант етіп былай деймін: Менің киелі үйімді өздеріңнің жексұрын тәңір мүсіндеріңмен әрі жексұрын салт-дәстүрлеріңмен арамдап тастағандықтан, Мен енді сендерді қырып тастаймын. Сендерге аянышпен қарап, мейірім көрсетпеймін. Өздері мақтан тұтқан әдемі зергерлік әшекейлерінен жексұрын да жиренішті тәңірлерінің мүсіндерін жасап алды. Сол себепті Мен олардың бүкіл байлықтарын өздеріне пайдасыз, арам қыламын. Бірақ Исраил халқы иен далада Маған қарсы бас көтерді. Олар ережелеріме мойынсұнған жоқ, керісінше, шешімдерімді менсінбеді. Ережелерім мен шешімдерімді орындаушы адам солар арқылы өмір сүретін болса да, Исраил халқы осылай етті. Бұған қоса олар тағы Менің өздеріне тапсырған демалыс күніме қатысты ережелерімді де бұзып, оның қасиеттілігін қастерлемеді. Сондықтан Мен қаһарымды төгіп, оларды иен далада жойып жібермек болдым. Сондай-ақ, олар Менің киелі нәрселеріме немқұрайды қарап, демалыс күндеріме қатысты ережелерімді бұзып, оның қасиеттілігін құрметтемеді.
Выбор основного перевода