Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер ер адам басқа біреудің әйелімен жақындасса, сол еркек те, әйел де өлтірілсін. Сендер қолдарыңды жайып Маған сиынғанда назар аудармаймын. Қаншама көп мінажат етсеңдер де, Мен құлақ салмаймын. Себебі қолдарың жазықсыз адамдардың қанымен былғанған. Саған неке адалдығын бұзған әрі кісі өлтірген әйелдерге тиісті үкімді шығарамын. Мен қаһарыммен, қызу қайрат-жігеріммен төккен қаныңның қарымтасын өз басыңа қайтарамын. Сондықтан өз пайғамбарларым арқылы сендерді кескіленуге бұйырып, аузымнан шыққан сөздеріммен өлтірілуге соттадым. Шығарған үкімім атқан таңдай айқын болады.
Выбор основного перевода