Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
әрі Бен-Хенном аңғарында Топет деген табыну орындарын салып, сол жерлерде ұлдары мен қыздарын жалған тәңірге арнап өртеп құрбан етті. Мұндайды Мен оларға бұйырған емеспін, ол тіпті ойыма да келген жоқ. «Осы азғындығың аз болғандай, Маған туып берген ұл-қыздарыңды жалған тәңірлерге «тамақ» болсын деп құрбан етіп отқа өртеп жібердің. Осылайша сен Менің өзіңе сыйлаған балаларымды өлтіріп, оларды жалған тәңірлерге қидың! Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Сенің нәпсіқұмарлығыңа беріліп, ашыналарыңмен ойнас жасап, жалаңаш тәніңді көрсеткенің үшін, яғни анау жиренішті тәңірлеріңе табынып, оларға өз балаларыңның қанын тарту ретінде ұсынғаның үшін, Саған неке адалдығын бұзған әрі кісі өлтірген әйелдерге тиісті үкімді шығарамын. Мен қаһарыммен, қызу қайрат-жігеріммен төккен қаныңның қарымтасын өз басыңа қайтарамын. Күйеуі мен балаларынан жиреніп бас тартқан шешеңнің сен нағыз қызысың. Сондай-ақ күйеулері мен балаларынан жиреніп бас тартқан әпке-сіңліңнің бірге туған нағыз бауырысың. Сендердің шешелерің хеттік, ал әкелерің аморлық болатын.
Выбор основного перевода