Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Тұтқындалып, басқа халықтардың арасына айдалып кеткен адамдарың сол кезде Мені естеріне алатын болады. Олар өздерінің Менен сырт бұрылған опасыз жүректеріне және тәңірсымақтарына құштарлана қараған көздеріне Менің қалайша қайғырғанымды сонда түсінбек. Ақырында олар істеген зұлымдықтары мен жексұрын салт-дәстүрлері үшін өздерінен-өздері жиренетін болады. Сонда сен жүрген жолдарыңды есіңе түсіріп, ұялатын боласың. Мен әпке-сіңліңді алып, саған қыздарың ретінде беремін. Бірақ мұны өзіңмен жасаған Келісімімнің негізінде жасамаймын. Ал Таурат заңының күллі ережелері оған бағынышты адамдар үшін күшінде екенін білеміз. Сондықтан (басқа ұлттардың да, яһуди халқының да) барлық адамдары ешбір сылтау таппай, үндері өшеді. Осылай бүкіл адамзат та Құдай алдында күнәлі болып, сотталатын болады. Сол кездегі өмір салттарыңнан қандай нәтижелер көрдіңдер? Олар қазір өздерің де ұялатын істер еді. Солардың ақыры — мәңгілік өлім!
Выбор основного перевода