Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Оның өз келіні екенін білмей, көшеден бұрылып келіп, оған:— Жүр, мен саған кіріп шығайын, — деді. Әйел:— Маған кіріп шықсаңыз, не бересіз? — деп сұрады. — Саған отарымнан бір лақ беріп жіберемін.— Маған лағыңызды жібергенше кепілдікке бір нәрсеңізді бере тұрыңыз. Бұл — оңтүстіктегі Негев аймағындағы хайуандар туралы ауыр хабар:Елшілер керуені ақырған арыстандар, улы сұр жыландар мен атылып шағып алатын оқ жыландар мекендейтін қорқынышты құла түз арқылы өтіп Мысырға барады. Олар есектерінің арқаларына, түйелерінің өркештеріне артқан бағалы заттары мен қазыналарын тасып әкетеді. Алайда Мысыр елі оларды қорғай алмайды, Себебі олар жалғыз дара қаңғырып жүретін жабайы есек сияқты Ассурға барды. Ефрем елі өзіне «ашыналарды» (яғни арқа сүйейтін одақтастарды) жалдады. Олар алым-салықтарымен жат халықтарды жалдап алған болса да, Мен Ефремнің халқын бәрібір бір жерге жинап, соттаймын. Олар қуатты патшаның езгісіне түсіп, азап шеге бастайды.
Выбор основного перевода