Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қызметші алтын сырға мен екі үлкен алтын білезік алып келген еді. Түйелер су ішіп болған соң, ол сол сыйлықтарды бойжеткенге берді. «Кімнің қызысыз?» деп сұрағанымда: «Мен Нахордың Мылқадан туған ұлы Бетуелдің қызымын» деп жауап берді.Сонда мен оған сырға тағып, қос білегіне білезік салдым. Олар басыңдағы тәждей тамаша,Мойныңдағы моншақтай ұнамды да. (Ей, опасыз әйелдер!) Сендер тіпті алыстан еркектерді шақыртып, олар да келді. Солар үшін суға түсіп, жуынып, көздеріңді бояп, асыл әшекейлеріңді тағып алдыңдар. Әйелдің жанынан дырду салған алаңсыз тобырдың даусы естілетін еді. Олар шөл даладан әкелінген маскүнемдер болатын. Солар осы опасыз екі әйелдің қолдарына білезік салып, бастарына әдемі тәж кигізді.
Выбор основного перевода