Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Зарлаған дауыстарын естігенде Құдай Өзінің Ыбырайым, Ысқақ, Жақыппен жасаған Келісімін рақыммен есіне алды. «Барып, мынаны Иерусалимге естірте жарияла: сенің Мені қалыңдық іспетті сүйіп, тіпті құнарсыз иен далада соңымнан еріп жүрген жас кезіңдегі адалдығың есімнен шықпайды. Халқыммен мәңгілік Келісім жасап, оларға жақсылық жасауымды тоқтатпаймын. Ешқашан Менен кері бұрылып кетпеулері үшін Өзімді терең қастерлеуді олардың жүрегіне құятын боламын. Мен кейінірек қасыңнан өтіп бара жатқанымда, сені байқап, махаббатқа дайын екеніңді көрдім. Жамылғымның шетін үстіңе жауып, жалаңаш денеңді қымтап, мұныммен өзіңе үйленуге уәде бердім. Яғни саған ант беріп сенімен Келісім жасадым. Осылай сен Мендік болдың, — дейді Жаратушы Тәңір Ие. Мен олармен амандық пен тыныштық туралы Келісім жасаймын. Бұл Келісім мәңгілікке созылмақ. Мен оларды орнықтырып, жарылқап, өсіріп-өндіріп, араларында киелі орнымды тұрақты орнатамын. Мен оған жүзімдіктерін қайтарып беремін. «Ахор (яғни Пәле) аңғары» ол үшін «Үмітке апаратын қақпа» іспетті болады. Сол жерде ол жастық шағындағыдай, Мысырдан шыққан кезіндегідей, ән-жыр шырқайтын болады». Құдай арғы ата-бабаларымызғаОсылай шапағатын танытады,Олармен жасаған Өзінің қасиеттіКелісімін енді есіне алады, Алайда (Еремия пайғамбар) халқының айыбын әшкерелегенде былай деген:«Жаратқан Ие мынаны айтады: Біліп алыңдар, Мен Исраилдің және Яһуданың үрім-бұтақтарымен Жаңа Келісім жасайтын уақыт келеді.
Выбор основного перевода