Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Оның үстіне філістірлер Яһуданың төменгі қыраттары мен оңтүстік аймағының қалаларына шабуыл жасап, Бет-Шәміш, Аялон, Гедерот қалаларын және Сохо, Тимнах, Ғымзоны маңайларындағы қыстақтарымен қоса жаулап алып, сонда орнығып алған еді. Жаратқан Ие Яһуда елін патшасы Ахаздың кесірінен соншалықты масқара болуға душар етті. Себебі Ахаз Яһуда халқын Құдайға бағынбай, зұлымдық істеуге еліктіріп, өзі де Жаратқан Иеге орасан зор опасыздық жасаған болатын. «Пендем, егер бір ел Маған опасыздық жасап күнәға батса, Мен ондай елге қарсы қолымды созып, ашаршылық жіберіп, елді нансыз қалдырамын. Сөйтіп, оның халқы мен малын жоямын. Қайта, мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие Өзінің атымен ант етіп былай дейді: «Мен сендерге құдіретті де алға созылған қолыммен және зор қаһарыммен билігімді жүргіземін: сендерді шашырап кеткен халықтар мен елдерден алға созылған құдіретті қолыммен және зор қаһарыммен шығарып аламын.
Выбор основного перевода