Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Өзіңді тежемей қатты айқайла! Даусыңды кернейдей көтер! Таңдап алған халқыма опасыз істерін ашық айт! Иә, Жақыптың үрім-бұтағына жасаған күнәларын әшкереле! Жаратқан Ие маған: «Ішіне кір де, олардың сонда істеп жүрген зұлым да жексұрын істеріне көз сал!» — деп нұсқады. Мен кіріп, айналдыра қабырғаларға қарағанымда, олардың барлығына салынған алуан түрлі бауырымен жорғалаушылардың, жиренішті жануарлардың және Исраил халқы табынып келген барлық тәңірсымақтарының бейнелерін көрдім. Олардың алдында Исраил халқының жетпіс ақсақалы тұрды. Солардың арасында Шафан ұлы Язаниях та бар еді. Әрқайсысының қолында хош иісті зат түтетуге арналған табасы бар екен. Табалардағы (жалған тәңірлерге арнап) түтетілген хош иісті заттардан жұпар бұлт жоғары көтеріліп жатты. Сонда Жаратқан Ие маған тіл қатып былай деді: «Ей, пендем, Исраил халқының ақсақалдарының әрқайсысы өз жалған тәңірлерінің бейнелері орналасқан қараңғы бөлмелерінде не істейтіндерін көрдің бе? Олар: «Жаратқан Ие бізді көрмейді! Жаратқан Ие біздің елді тастап кеткен!» деседі. — Ол тағы: — Сен олардың бұдан да бетер жексұрын күнәлар жасайтынын көретін боласың!» — деп те қосты. Содан Ол мені Жаратқан Иенің киелі үйінің Солтүстік қақпасының кіреберісінің алдына алып барды. Сол жерде Тамыз атты жалған тәңірді жоқтап отырған әйелдерді көрдім. «Пендем, сен мұны көріп тұрсың ба? Енді бұдан да бетер жексұрын күнәларды көретін боласың», — деді маған Жаратқан Ие. Мұнан кейін Ол мені Өзіне бағышталған киелі үйдің ішкі ауласына алып барды. Қарасам, үйге кіретін жерде, бағаналы кіреберіс пен құрбандық үстелінің арасында, жиырма бес ер адамды көрдім. Олар арқаларын Жаратқан Иенің киелі үйіне беріп, бет-жүздерін шығысқа қарай бұрып, сондағы күнге иіле табынып жатыр екен! Жаратқан Ие маған: «Ей, пендем, сен мұны көріп тұрсың ба? Олардың істеп жүрген жексұрын істері Яһуда халқына жай әншейін іс болып кеткендей ме? Соған қоса олар бүкіл елді зорлық-зомбылыққа толтырып, Менің қаһарымды бұрынғыдан бетер өршітіп келеді! Қарашы, олар Маған тіпті мұрындарын шүйіреді! «Пендем, сен оларды айыптамақсың ба? Оларды сотқа дайындамақсың ба? Онда ата-бабаларының жасаған күнәларының қандай жексұрын болғанына ақсақалдардың көздерін жеткіз! «Ей, пендем, сен қаланы айыптауға дайынсың ба? Қан төккіш сол қаланы сотқа дайындамақсың ба? Ендеше оған өзінің жасаған жексұрын күнәларының бәрін де әшкерелеп айт!
Выбор основного перевода