Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Лут айналасына көз тастап, бүкіл Иордан өзені аңғарының Сиғорға дейін сулы жер екенін көрді. Себебі бұрын сол жердің суы мол болып, Жаратқан Иенің пейіш бағына және Ніл бойындағы Мысыр еліне ұқсайтын. Бұл Жаратқан Ие Содом мен Ғомора қалаларын құртпай тұрғандағы кез еді. Бұлардың бет-әлпеттері өздерін әшкерелейді. Олар ежелгі Содом халқы сияқты ашықтан-ашық күнә жасап, соларын мақтан да етеді. Өз бастарына өздері пәле тілеген олар қасіретке қалады! Сондай әділ адам ешкімге қысым көрсетпей, жарлыға берген қарызы үшін кепілдікке алғанын қайтарып бере салады. Ол ешкімді тонамайды, қайта, ашқа тамақ, жалаңашқа киім береді. Сондай-ақ ол кедейлер мен мұқтаждарға қысым көрсетіп, адамдарды тонайды, жарлыға берген қарызы үшін кепілдікке алғанын қайтармайды. Жалған тәңірлерге сиынып, өзге де жексұрын күнәлар жасайды, Осы әділ жас ешкімге қысым көрсетпей, жарлыға берген қарызы үшін алған кепілдігін қайтарып бере салады, ешкімді тонамайды, қайта, ашқа тамақ, жалаңашқа киім береді. Бұдан кейін Иса оларға мына астарлы әңгімені айтып берді:— Бір бай кісінің егіндік жері мол өнім береді. Ол ішінен: «Не істесем екен? Астығымды жинап қоятын жерім жоқ, — деп ойланады. — Былай істеймін: қамбаларымды бұзып, үлкейтіп қайтадан саламын. Соларға бүкіл астығым мен мал-мүлкімді жинап қоямын. Сосын өзіме: көп жылға жететін мол қорың бар, енді демалып, ішіп-жеп, көңіліңді көтер деймін». Бірақ Құдай оған: «Ей, түйсіксіз пенде, бүгін түнде жаның алынады! Сонда сенің жиып-тергенің кімге қалады?» — дейді. Луттың заманында да солай болған: адамдар (Құдайға мойынсұнбай) ішіп-жеп, сауда-саттық жасап, егін егіп, үй салып өмір кешуде еді.
Выбор основного перевода