Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Шопанның отарын қоршауға кіргізгенде қойларды таяғымен санап тексеріп, екшейтініндей, Мен де сендерді асатаяғыммен мұқият тексеріп, Келісімімнің ережелерін ұстануға мәжбүр етемін. Сол жерде сендер өздеріңді арамдаған іс-әрекеттеріңді естеріңе алып, жасаған жамандықтарыңа бола өздеріңнен-өздерің жиренетін боласыңдар. Мен сендерге зұлымдықтарың мен жаман істеріңе сәйкес емес, өз есімімнің құрметіне сай әрекет етпекпін. Сонда сендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар, уа, Исраил халқы». — Жаратушы Тәңір Ие осыны нық айтады. (Уа, халқым,) Мен сені Өзіме мәңгілікке атастырамын. Мен әділдік пен әділет, берік сүйіспеншілік пен рақымдылық танытып, сені Өзіме айттырамын. Иә, сені Өзіме сенімділікпен әйелім етемін. Сонда сен Мені, Жаратқан Иені, мойындайтын боласың. Енді біз рухани балалары болғандықтан, Құдай Өзінің рухани Ұлының Рухын жүрегімізге дарытты. Сол Рух бізді: «Абба, Әке!» — деп Құдайға сиындырады.
Выбор основного перевода