Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қарашы, ежелде Құдайға адал болған қала енді өзін опасыз әйелдей ұстайды! Бұл қала әділдік пен адалдықтың ордасы болатын, ал қазір оны кісі өлтірушілер мекендейді. «Баяғыда Мен мойныңа салынған мойынтұрықты сындырып, бұғауларыңды үзіп, өзіңді құлдықтан азат еткен едім. Алайда: «Жоқ, мен қызмет етпеймін!» дедің. Ал шынында сен көрінген биік төбенің басында, әрбір саялы ағаштың түбінде жалған тәңірлерге табынып опасыз әйел іспетті азғындыққа салындың. Жаратқан Ие хабарларын халыққа Ошия арқылы жеткізе бастағанда оған былай деді: «Барып, жеңіл жүрісті бір әйелді алып, оның жезөкшеліктен туған балаларын бауырыңа бас! Өйткені осы ел Жаратқан Иеге опасыздық жасап, азғындыққа салынып кетті!» «Шешелеріңнің кінәсін әшкерелеп, оған ескертіңдер! Себебі ол енді Менің әйелім емес, Мен де оның күйеуі емеспін. Ол жеңіл жүрістінің бояуын бетінен сүртіп тастап, кеуделерін ашық көрсететін киімдерін шешіп, әдепті киінсін. Ал оған бидай, жүзім шырыны мен зәйтүн майын беріп, мол саф алтын мен күмісті жаудырған Мен екенімді мойындамады. Қайта, өзі соларды жалған тәңір Бағалға сый-тарту етті. Сол себепті Мен мерзімінде пісетін өнімім мен мезгілінде дайын болатын жүзім шырынымды, әрі оның жалаңаш тәнін жабатын жүнім мен зығырымды сол опасыздан алып қоямын. Сондай-ақ есік пен жақтауларыңның арт жағына Менің сөздерімді емес, жалған тәңірлеріңнің белгілерін салып қойдыңдар. Ей, опасыз халық, Менен алыстап кетіп, тәңірсымақтарға қосылдың! Көрпеңді ашып, кең төсегіңе жатып, сол ашыналарыңмен келістің. Олармен бірге болуды ұнатып, мүсіндеріне қадала қарайсың. Олар жастық шағынан-ақ Мысырда жеңіл жүріске салыныпты. Сол жерде еркектер олардың төстерін қысып, балғын тәндерін аймалапты. Сөйтіп Охола Мысырда болған кезінен бері айналысып келе жатқан жеңіл жүрісін қойған жоқ. Себебі жас кезінде-ақ мысырлықтар онымен бірге жатып, балғын тәніне қолдарын салып, онымен құмарларын қандыратын. Сіңлісі Охолиба Охоламен не болғанын көрді. Сонда да ол әпкесінен бетер азғын құмарлыққа салынып, жезөкшелікпен одан әрмен айналысты. Оның аңсары ассурлықтарға: әміршілер мен әкімдерге, көз тартқан сәнді киім киген жасақшылар мен атты әскерлерге, шетінен көрікті жігіттерге ауды.
Выбор основного перевода