Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Барлық олжаны алаңның ортасына жинап апарып, қаланы ондағы олжа дүниелерімен қоса Құдайларың Жаратқан Иеге арнап өртеліп ұсынылатын құрбандық іспетті өртеп жіберіңдер! Қаланың талқандалған орны мәңгі солай болып қала берсін, ол ешқашан қалпына келтіріліп қайтадан салынбасын! Набуходоносор Бабылға патшалық құрған он тоғызыншы жылдың бесінші айының оныншы күні оның бір нөкері — патша ұландарының әміршісі Набузар-Адан Иерусалимге келіп жетті. Халдейлер патша сарайына да, халықтың үйлеріне де от қойып өртеп, Иерусалим қамалының қабырғаларын қиратып тастады. Сол себепті Мен, Жаратушы Тәңір Ие, мынаны айтамын: Біліп қой, енді Мен Өзім саған қарсы боламын, (уа, Иерусалим)! Мен өзіңе шығарылған шешімдерімді басқа халықтардың көзінше іске асырамын.
Выбор основного перевода