Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонымен Лут өзіне шығыста орналасқан бүкіл Иордан алқабын таңдап алып, (үй іші, отар-табындарымен) сол жаққа қарай көшті. Осылайша екі туысқан бір-бірінен бөлініп кетті. Ыбырам Қанахан жерінде қала берді. Ал Лут Иордан алқабындағы қалалар арасында Содомға жақын жерде шатыр тігіп, қоныстанды. Бірақ Содомның тұрғындары Жаратқан Иенің көз алдында ауыр күнәға батқан зұлым адамдар еді. Ей, Содомның билеушілері (сияқты зұлым басшылар), Жаратқан Иенің сөзін тыңдаңдар! Ғомораның халқы (іспетті күнәкарлар), Құдайымыздың тәліміне ден қойыңдар! Осының бәрін істегеннен кейін оны Өзіме қайтып оралатын шығар деп ойлаған едім. Бірақ ол оралмады. Оның үстіне, опасыз сіңлісі Яһуда да мұны көріп тұрды. Үлкенінің аты Охола, кішісінің аты Охолиба деп қойылды. Кейін Мен солардың екеуіне де үйленіп, олар Маған ұл-қыздар туып берді. Ал екеуінің шынайы есімдеріне келер болсақ, Охола — Самарияны, Охолиба — Иерусалимді білдіреді. Сол кезде аға-інілеріңді «Өз-халқым», апа-қарындастарыңды «Рақым-көрген» деп атайсыңдар. Ишаяның алдын ала айтып кеткен мына сөзі де дәл келді: «Әлемнің Иесі біразымызды тірі қалдырмағанда, біз де ежелгі Содом мен Ғомора қалаларының кебін киіп, толықтай жойылып кеткен болар едік».
Выбор основного перевода