Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен араларында кереметтер істеп, билігімді паш етемін. Солардың аман қалғандарынан кейбіреулерін әлі де атағым мен ұлылығымды естіп-көрмеген алыстағы халықтарға жіберемін. Хабаршыларым батыстағы Тарсис жағына, Либияға, аты шулы садақшылардың елі Лүдияға, солтүстіктегі Тұбалға, Грекияға және аралдар мен теңіз жағалауларындағы басқа елдерге барып, сол халықтарға да асқан ұлылығымды жариялайтын болады. Ей, Тир қаласы, парсылар, лүдиялық және либиялық адамдар жасақшы болып сенің қалың қолыңда қызмет ететін. Олар қамалыңның қабырғаларына қалқан-дулығаларын іліп, өзіңе салтанат әперген болатын. Соғыс күймелері қаланың көшелерімен құйындай жүйткіп, алаңдармен зымырап, әрлі-берлі шапқылайды. Олар алаудай жалындап, найзағайдай жарқылдап зуылдайды. Құш пен Мысыр оның шексіз қуаты, Пұт пен Либия оның қолдаушыларының қатарында болатын.
Выбор основного перевода