Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Біліп қойыңдар: сол себепті Мен, Тәңір Ие, Евфрат өзенінің буырқана тасыған мол суларын, яғни Ассур патшасын, күллі қарулы күштерімен осы жерге бағыттаймын. Евфрат өзені көктемде арна-салаларынан асып-тасып, сулары адамдардың мойнына дейін көтеріледі. Сол сияқты, Ассур патшасы мен оның әскері де жуырда бүкіл Яһуда жеріне жайылып шығып, бұлқан-талқан болып ағып, елді басып кетеді! О, Имануил, оның кең қанаттары бүкіл жеріңе жайылатын болады!» — Жаратқан Ие мынаны айтады: Қараңдар, солтүстіктен жау топан судай ағылып келе жатыр. Олар асып-тасыған дариядай бүкіл елге жайылып, ондағы қалаларды тұрғындарымен қоса басып тастайды. Адамдар айқайлап, елде тұратындардың бәрі қиналып жыламақ.
Выбор основного перевода