Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құшқа сенім артып, Мысырды мақтан тұтқандар үрейленіп, ұятқа қалады». Мен сол Бабыл патшасы арқылы Мысырдың тәңірсымақтарының ғибадатханаларына от қоямын. Патша солардың мүсіндерін не өртеп жібереді, не тұтқындап әкетеді. Қойшының шапанын жамылып алатынындай, ол Мысыр елін қыспаққа алады. Ақырында сол жақтан аман-есен шығады. Мен Яһуда патшасы Седекияхты оның жанын алмақ болған жауы — Бабыл патшасы Набуходоносордың қолына тапсырғанмын. Сол сияқты енді Мысыр патшасы Хофра перғауынды да оның жанын алмақ болған жауларының қолына тапсырамын! — Жаратқан Ие осыны нық айтады. Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны да айтады: «Мен Мемфис қаласында орналасқан жалған тәңірлердің діңгек тәрізді мүсіндерін құртып, түкке тұрғысыз өзге тәңір бейнелерін де қиратамын. Мысыр елінде енді мысырлық әмірші болмайды. Мен бүкіл Мысыр еліне үрей қаптатамын. Оңтүстік Мысырды елсіз жерге айналдырып, (солтүстік Мысырдағы) Соған қаласына от қоямын, әрі Но қаласына жазаларымды жүзеге асырамын. Өз қаһарымды Мысырдың шекарасындағы күшті қамал — Син қорғанына төгіп, Но қаласының көп халқын да жоқ қыламын. Мен Мысыр еліне «от қоямын». Сонда Син қаласы жаны қиналып жанталасады, Но шабуылдан күйреп қолға түседі. Мемфиске жау күн сайын бас салады.
Выбор основного перевода