Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан соң Жаратқан Ие маған екінші рет сөзін арнап:— Нені көріп тұрсың? — деген сауал қойды. Мен:— Бір қазанды көріп тұрмын. Ол қайнап, тасып, солтүстіктен бізге қарай төгілейін деп жатыр, — деп жауап бердім. Сонда Мысыр елі масқара болып, солтүстіктен келген халықтың қолына түседі. Ей, бабылдықтар, сендер Менің меншікті халқымды талан-таражға салдыңдар. Соған мәз болып, астық бастырып, бидайға тойып алған қашардай секіректеп, айғырдай кісінеп жатырсыңдар. Ефрем — астық басуға үйретілген, сол жұмысты ұнататын жас сиыр сияқты. Ал енді Мен Ефремнің күшті мойнына мойынтұрық салып, оны жер айдауға жұмсаймын. Яһуда да жер жыртатын болады, Жақыптың күллі ұрпақтары бұдан кейін егістікті малалайды.
Выбор основного перевода