Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Тағыңнан түсіп, топыраққа отыр, ей, Бабыл қаласы! Халдей халқының астанасы, сен ханша сияқты ешкімге бағынбаған едің. Ал енді тақыр жерде отыра бер! Бұдан былай сені ақсаусақ, нәзік деп атамайды. Ғилақад қыраттарында май дәрі жоқ па еді? Онда дәрігер қалмағаны ма? Халқымның жарақаты неге жазылмай қойды? Мүддеңді қорғайтын қамқоршың, жарақатыңа ем, өзіңе шипа болатын дәрі-дәрмек жоқ. Мен сені қайтадан қалпыңа келтіремін, уа, бойжеткен іспетті Исраил халқы! Сендер бұрынғыдай даңғыраларыңды қолдарыңа алып, шаттана қуанып би билейтін боласыңдар, «Жол бойына белгілер қойып, жол көрсететін бағаналар орнат! Елге қайтаратын даңғылға назар аудар! Кеткен жолыңмен өз қалаларыңа қайтып кел, уа, бойжеткен іспетті Исраил халқы! — Бабыл кенеттен жеңіліп, жау қолына түсіп, ойран болады. Оны жоқтап жылаңдар! Қиналғанын басатын май дәрі алдыртыңдар, мүмкін, сауығып та кететін шығар. — «Пендем, Мен Мысыр патшасы перғауынның қолын сындырған едім. Ал оның қолын ешкім таңбапты, әрі қолын нығайтып, семсерді қайта ұстай алатындай қылып емдемепті.
Выбор основного перевода