Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жебелеріңді ұштап, қорамсақтарыңды толтырыңдар! Жаратқан Ие Мидия патшаларының жүректеріне Бабылға қарсы көтерілуге түрткі салмақ. Ондағы мақсаты — Бабылды толығымен құрту. Осылай Жаратқан Ие Өзінің киелі үйін қиратқан бабылдықтарға лайықты жазаларын тартқызбақ. Бабылдың қабырғаларына шабуыл жасауға жалау көтеріп, белгі беріңдер! Күзетті күшейтіп, қарауылдарды орнатып, тосқауыл топтарын қойыңдар! Себебі Жаратқан Ие Өзінің жоспарларын жүзеге асырып, Бабыл халқы туралы айтқандарының бәрін орындамақ! Олар қару-жарақтанып, соғыс күймелері мен шаң-тозаң бұрқыратқан арбаларға мініп, қалың қолмен бірге солтүстіктен өзіңе қарсы аттанып келеді. Жау жан-жақтан үлкенді-кішілі қалқанмен, дулығамен бас салып, сені қоршауға алады. Мен оларға билікті табыстап, сонда олар саған өз әдет-ғұрыптарына сай үкім шығарады. Уа, Ниневи халқы, сені шашырататын басқыншы саған қарсы аттанып келе жатыр! Қамалыңды күзетіп, жолдарыңды қадағала! Беліңді бекем буып, бар күш-қайратыңды жинақта! Ниневи, қоршауға түсетін кезіңе дайындалып, су қорын жинап ал! Бекіністеріңді күшейт! Балшық илеп, әктас ерітіндісін дайындап, кірпіш қабырғаны жөнде!
Выбор основного перевода