Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бабылдағы садақшының садағын тартып, сауытын киюіне жол бермеңдер! Оның жастарын аямаңдар, әскерін толығымен күйретіңдер. Жебелеріңді ұштап, қорамсақтарыңды толтырыңдар! Жаратқан Ие Мидия патшаларының жүректеріне Бабылға қарсы көтерілуге түрткі салмақ. Ондағы мақсаты — Бабылды толығымен құрту. Осылай Жаратқан Ие Өзінің киелі үйін қиратқан бабылдықтарға лайықты жазаларын тартқызбақ. «Ей, пендем, Менің хабарымды жеткізіп былай де: Жаратқан Ие мынаны айтады: Семсер қайралды, семсер жалтыратылды! Ол бауыздап кескілеу үшін қайралды, найзағайдай жарқылдау үшін жалтыратылды!»— Біз патшаның асатаяғына сеніп, сол үшін көңілді болмақпыз ба?— Семсер ешбір таяқты менсінбейді! Ол қолға ұстау үшін жалтыратылып жатыр! Семсер қырушының қолына тапсырылу үшін қайралып, жалтыратылуда!
Выбор основного перевода