Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен Яһуда патшасы Седекияхты оның жанын алмақ болған жауы — Бабыл патшасы Набуходоносордың қолына тапсырғанмын. Сол сияқты енді Мысыр патшасы Хофра перғауынды да оның жанын алмақ болған жауларының қолына тапсырамын! — Жаратқан Ие осыны нық айтады. Не адамның аяғы, не малдың тұяғы оны баспайтын болады. Ол қырық жыл бойы қу дала болып еш тұрғынсыз жатады. Мен Мысырды қаңырап қалған елдердің ішіндегі ең елсіз жер етемін. Қырық жыл бойы оның қалалары қиратылған қалалардың ішіндегі ең бос қалатыны болмақ. Мен мысырлықтарды басқа халықтардың арасына таратып, бөтен елдердің ішіне шашыратып жіберемін». Ал Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Қырық жыл өткеннен кейін Мен мысырлықтарды шашырап жүрген халықтардың арасынан жинап аламын. Оларды қуғындалған жағынан кері әкеліп, атамекендері — оңтүстік Мысыр жаққа қайтарамын. Сол жерде олар әлсіз әрі өзгеге тәуелді бір патшалық құрады, Өйткені Мен, Жаратушы Тәңір Ие, тағы мынаны айтамын: Бабыл патшасының семсері саған сілтенбек.
Выбор основного перевода